Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық полицейлер бір күнде үш велосипед ұрлаған күдіктіні ұстады

Жезқазғанда велосипед ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні Жезқазған қалаcының Полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің көпқабатты үйдің дәлізінен бір күнде үш велосипедті ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгеден асқан.

25 қазан күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталып, одан ұрланған велосипедтердің біреуі тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру