Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ Түркістан облысының тұрғындарын 7,5 млн теңгеге сан соқтырып кеткен

Алаяқ Түркістан облысының тұрғындарын 7,5 млн теңгеге сан соқтырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне Қарағашты, Шұқырбұлақ, Түлкібас ауылдарының бірнеше тұрғыны шағым түсірді. Жәбірленушілер өз арыздарында өткен жылы кәсіп ашуға қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін деп сендірген таныс қызға алданғандарын жеткізді. Алаяқтың сөзіне сенген тұрғындар әрқайсысы 100 мың мен 1,7 млн теңге көлемінде ақша берген. Аталған 7 жәбірленуші сезіктіге жалпы 7,5 млн теңге берген.

Осы ақпарат бойынша ауыл тұрғындарының ақшасын алып, уәдесін орындамаған күдіктіні ұстау мақсатында, түлкібастық полицейлер жедел іске кірісті.

Нәтижесінде күдікті жас қыздың жүрген жері анықталып, ол Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұсталды.

Анықталғандай, ол жалған уәде беріп, алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда жас қыз қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру