Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяққа алданған әйел полицияға жүгінді

Қарағанды қаласында алаяқ тұрғынды алдап, шотына ақша аудартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 шілдеде Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне тұрғыннан арыз келіп түскен. Оның түсіндіруінше, белгісіз әйел ақпараттық жүйені пайдаланып, пәтерді сатуға уәде берді. Зардап шегуші бастапқы төлем ретінде оған өз шотынан 250 мың теңге аударған. Осы әрекеттен кейін алаяқ байланысқа шықпаған.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктіні ұстады.

ҚР ҚК-ң 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған адамның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бары анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру