Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аулада ойнап жүріп, жоғалып кеткен баланы полицейлер тапты

Қарағанды қаласында ауладан сегіз жасар бала жоғалып, полицейлер баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 шілде сағат 16:28-де Қарағанды қаласының ПБ Жедел басқару орталығының “102” телефонына қала көшелерінің ауласының бірінен сегіз жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Анасының сөзінен бала аулаға күнделікті ойнауға шыққаны белгілі болды. Бала белгіленген уақытта үйге оралмағандықтан анасы алаңдаушылық білдірген. Алғашқыда баланы анасы өзі іздеген, табалмаған соң полицияға қоңырау шалған.
Баланы іздестіру үшін дереу жедел іздестіру мобилбдік тобы құрылып, оның құрамына облыстың ПД, Қарағанды қаласының ПБ жеке құрамы, патрульдік полиция полкі және Оңтүстік –шығыс ПБ барлық жеке құрамы жұмылдырылған болатын. Сонымен қатар облыстың ПД барлық жеке құрамы бағытталды.

Баланы іздестіру барысында баланың екі досымен Федоров су қоймасына кеткені белгілі болды. Ол жерге бес мобильдік топ жіберілген болатын. Алайда ол жерден бала табылмады, дегенмен үш баланың жүргенін көрген адамдар бар болып шықты.

Олар балалардың қала жаққа бет алғанын айтқан болатын. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру тобы қаланың барлық жерлерін аралап жоғалған баланы көрші ауладан тапқан болатын. Тәртіп сақшылары баланы аман-есен ата-анасына қайтарды.

Жоғалған сегіз жастағы жеткіншектің анасы баласын іздеу кезінде жедел және бірлесе әрекет жасаған полиция қызметкерлеріне өзінің шексіз аналық алғысын білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру