Алаяқтардан сақ бол!
Шымкент қаласы Прокуратурасы мен Полиция департаменті бірлесе алаяқтықтан сақтану аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын атқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала ішіндегі қоғамдық жолаушылар көлігінің ішіне жадынама ақпараттық парақшалары орналастырылды.
– Алаяқтықтың әдісі көп, мақсаты біреу. Тұрғындарды күмәнді келісімшарт жасар алдында мұқият болуға шақырамыз.Бөтен азаматтардың уәдесіне сенбеңіз, оларға құжаттарды, нотариалды куәландырусыз депозит пен аванс бермеңіз, өз мүлкіңізді және оған қатысты құқықты бағалаңыз. Күдік тудыратын тұлғалардың уәделеріне сенімшілдік танытпауға және өз қаражаттарыңыздың қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз, – дейді Мақсұт Мұстафа Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының тергеушісі.
Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, онда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз!