Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алдын алу – саналы әрекет пен қауіпсіздікке бастар алғашқы қадам

Талдықорғанда полиция қызметкерлері концерттік іс-шара барысында ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізді. Алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарымен қаланың 11 мыңнан астам тұрғыны қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігіне де ерекше назар аударды. Іс-шараға қатысушыларға алаяқтық схемаларды қалай анықтауға және қылмыскерлердің құрбаны болмауға қатысты ұсынымдар қамтылған ақпараттық брошюралар таратылды.

– Алдын алу – саналы әрекет пен түсіністіктің бастауы. Адамның бір рет оқыған немесе естіген аз ғана ақпаратының өзі қылмыстан қорғанудың маңызды құралына айналуы мүмкін. Бүгінде алаяқтар алдаудың жаңа тәсілдерін үнемі ойлап табуда. Алайда олардың мақсаты көбіне өзгермейді – азаматтардың сеніміне кіріп, қаражатын иемдену. Біздің міндетіміз – қауіптің алдын алу, түсіндіру және адамдарға қатерді дер кезінде анықтауға көмектесу, – деп атап өтті полицейлер.

Полиция қызметкерлері ескертеді: киберқылмыскерлер азаматтарды алдаудың түрлі тәсілдерін қолданады. Олардың қатарында қоңыраулар мен хабарламалардан бастап, жалған сайттар мен әлеуметтік желілерге дейін бар. Сондықтан әрдайым қырағы болып, бөгде адамдарға банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бермеу маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру