Әлеуметтік көмек алуға көмектеспек болған алаяқ тұрғынды алдап кетті
Шымкентте әлеуметтік көмек алуға көмектеспек болған алаяқ тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында 2020 жылдың 4 тамызында Л. есімді азаматша «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» алуға көмектесемін деп 50 мың теңгеге жуық ақшасын алып, осы уақытқа дейін уәдесін орындамай жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркелді.
Жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.