Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алимент бойынша борышкер “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі арқылы анықталды

Алматыда алимент бойынша борышкер жүргізуші куәлігінің болмағанына қарамастан қайта көлік тізгіндеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімшесі хабарлағандай, Алматы облысы, Қарасай аудандық сотының шешімімен Lada автокөлігінің жүргізушісінің жүргізуші куәлігі оның үш миллион теңге көлеміндегі алимент бойынша берешегі болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

– Алайда құқық бұзушы сот шешімін елемей, көлікті басқаруды жалғастырған. Оның көлігі “Қорғау – қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі арқылы жалпы көлік ағынында анықталды. Полиция Lada көлігін мамандандырылған айыппұл тұрағына қойған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша хаттама толтырылды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Сондай-ақ полицияда “Құқықтық тәртіп” іс-шарасының 10 күнінің ішінде Алматы жолдарында көлік жүргізуге құқығы жоқ 197 жүргізуші ұсталғанын хабарлады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру