Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының магистранты “Үздік ғылыми мақала” номинациясын жеңіп алды

Алматы академиясының магистранты “Заманауи заң ғылымын дамыту: теория және практика” атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында “Үздік ғылыми мақала” номинациясын жеңіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуірде елімізде Ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі. Осыған орай Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бастамасымен белгілі қоғам қайраткері Ө.Сейітовтің 100 жылдық мерейтойына орай “Заманауи заң ғылымын дамыту: теория және практика” атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінің ғалымдары, ғылыми және заң қоғамдастығының өкілдері, жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты. Конференцияда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің (№3 Факультет) бейіндік магистратура магистранты Роза Сәбитқызы Бөбеш “Communicative competence of administrative staff of law enforcement as a key to successful professional activity” атты ғылыми баяндама жасады.

Ғылыми пікірталастар барысында конференцияны ұйымдастырушылар Р. Бөбештің ғылыми жұмысының өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын атап өтіп, оған “Үздік ғылыми мақала” номинациясы бойынша диплом табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру