Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының түлектеріне атаулы стипендия табысталды

Алматы академиясының түлектеріне атаулы стипендия табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі факультетінің докторантурасын бітіргендерге сертификат және магистратура түлектеріне диплом тапсырылды.

Академияның докторантура бойынша білім беру бағдарламасының толық теориялық курсын биыл 7 адам бітіріп шықса, ғылыми педагогикалық бағыт бойынша 13 магистрант бітірді.

10 магистрантқа Құқық қорғау қызметі бойынша “Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі” және AlmaU менеджмент университетінің тереңдетілген басқарушылық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша “Бизнес және менеджмент” магистрі дәрежелері мен қос диплом берілді.

Түлектерге диплом тапсыру салтанатын Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбеков ашып, академия бітірушілеріне еліміздің ішкі істер органдарында абыройлы еңбек етіп, Қазақстанның жарқын болашағына үлес қосатындықтарына сенім білдірді.

– Бүгінгі түлектер ел ішінде де, халықаралық деңгейде де құқық қорғау қызметі саласындағы білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық кадрлар санын арттырады деп сенеміз. Сіздердің ғылым саласында жеткен жетістіктеріңіз академия үшін үлкен абырой болмақ, – деді өзінің құттықтау сөзінде академия басшысы.

Сондай-ақ, түлектерге ақ жол тілеген AlmaU менеджмент университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы Г. Куренкеева, Академия ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Қабденов бітірушілерді диплом алу салтанатымен құттықтады.

Диплом алу салтанатында үздік бітірушілерге арнайы стипендиялар табысталды. Атап айтқанда, 1-курс докторантураның үздік докторанты Нұржан Ахмедовке ІІМ-нің құраметті ардагері Мақан Есболатов атындағы атаулы степендия табысталса, 1-курс ғылыми-педагогикалық магистратурасының үздік магистранты Руслан Тоқабаевқа ІІМ-нің құраметті ардагері Рүстем Қайдаров атындағы атаулы степендия табысталды. Атаулы стипендияларды Мақан Есболатовтың қызы Раушан Есболатова мен Рүстем Қайдаровтың жұбайы Аймен Қайдарова табыстады.

Салтанатты іс-шараның соңында Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, ТМД-ның ең үздік педагогы, әнші композитор полиция полковнигі Естай Әбілезов бітірушілерге сәтті сапар тілесе, магистратура бітіруші Медет Бердімұратов өздеріне сапалі білім беріп, қиын да жауапты ғылым жолына бағыттаған академия басшылығына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру