Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас кадеттер ІІМ Алматы академиясына барды

Жас кадеттер ІІМ Алматы академиясына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жас кадеттер Алматы академиясына ашық есік күніне келіп, курсанттардың тұрмыс-тіршілігімен, оқу аудиторияларымен танысты. Оның ішінде қазіргі қоғамға керекті IT-мамандарды оқытатын арнайы аудиториямен және елімізге танымал генералдардың атындағы дәрісхана, тағы сол сияқты бірнеше аудиториялармен танысты.

Сондай-ақ, оқу орнындағы әртүрлі жаттығу алаңдарында болып, қару-жарақ түрлерімен таныс болды. Курсанттардың жатын бөлмелері мен казарманы аралады.

Спорт залында жауынгерлік тәсілдермен самбо шеберлерінің өнерін тамашалап, өз қызығушылықтарын да білдірді.

Экскурсия соңында академия тыңдаушыларымен бірге сап түзеп, алаңнан жүріп өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру