Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жолдың жүру бөлігінде көлігін қалдырған жүргізушіге айыппұл салынды

Шымкентте жолдың жүру бөлігінде көлігін қалдырған жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Жедел әрекет ету тобына» жолдың жүру бөлігінде тұрған автокөлік туралы хабарлама түсті. Топтың қатысушысы тәртіп сақшыларына аталған көлік құралы басқа автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіріп жатқанын түсіндірді және көрсетілген құқық бұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылдауды сұрады.

Хабарламаға Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел ден қойып, жол қозғалысы ережелерін бұзған көлік жүргізушісін анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бабының 3-бөлігімен (Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бапқа сәйкес жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, «Жедел әрекет ету тобы» полиция қызметкерлерімен WhatsApp мессенджерінде ашылған. Аталған топты ашудың мақсаты – тұрғындардың мәселелеріне жедел ден қою және олардың заңды шешімін тез арада табу, қала аумағындағы құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және жолын кесу.

Бүгінгі таңда топта 100-ден астам қатысушы бар. Олардың қатарында полиция бөлімдерінің қызметкерлері, үй комитеттерінің өкілдері, қоғамдық белсенділер, блогерлер және республикалық БАҚ өкілдері бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру