Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы әйелдер колониясының жеке құрамы Тәуелсіздік күнін атап өтті

Алматы облысы әйелдер колониясының жеке құрамы Тәуелсіздік күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке қарсаңында Жауғашты ауылының №27 орта мектебінде ҚАЖ ардагерлері, Междуреченск ауылдық округі әкімдігінің өкілдері, ЛА-155/4 мекемесінің кешкі мектебі және орта мектеп директорларының шақыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шара Тудың шығарылуы және Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен басталып, мекеме бастығы М.Қонқанов қызметкерлерді мерекемен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі.

Іс-шарада ішкі істер органдарына қабылданған жас қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдап, орта басшы құрамның қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтары табыс етілді.

Футбол және волейбол жарыстарына қатысқан қызметкерлердің командаларына спорттағы жетістіктері үшін медальдармен марапатталды, бірқатар қызметкерлер қызметтік міндеттерін адал және үлгілі орындағаны үшін грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.

Іс-шара мекеме ұжымы дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.

– Салтанатты іс-шараның басты мақсаты – мекеме қызметкерлері мен өскелең ұрпаққа Тәуелсіздіктің 30 жылдығының маңыздылығын және Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы сіңірген еңбегін жеткізу, – деп айтты өңірлік департамент басшысы Иглік Хасенов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру