Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы бойынша ҚАЖД-да спартакиада өтті

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінде пробация есебінде тұрған тұлғалар арасында спартакиада ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облыстық прокуратурасының бастамасымен, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қолдауымен Алакөл аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында спартакиада өткізілді.

Спартакиада спорттың 5 түрінен өтті. Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты – өз елінің заңға бағынатын азаматы ретінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес әрбір сотталған адамның жеке басын қалыптастыру, жеке тұлға ішінде де, отбасы шеңберінде де моральдық-психологиялық ахуалды реттеу және болашаққа оң көзқарас қалыптастыру.

Спартакиада соныңда жарыс жеңімпаздары марапатталды.

– Іс-шараның мақсаты – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың қайталап қылмыс жасауына жол бермеу, сондай-ақ моральдық және идеологиялық рухты көтеру, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру