Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері подъезден ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

Ақмола полицейлері подъезден ұрланған велосипедті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 наурызда Степногорск қаласының Полиция басқармасына 47 жастағы жергілікті тұрғын 22 наурыз сағат 20:00-ден 23 наурыз сағат 05:30-ға дейінгі уақыт кезеңінде белгісіз адам подъезден Trinx велосипедін ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Келтірілген шығын сомасы 130 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Бұрын сотталған Степногорск қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол жәбірленушімен көрші тұрған танысына бірнеше рет келіп, подъезде тұрған велосипедті байқаған.

Ер адам 22 наурызда түнгі уақытта велосипедті ұрлаған, кейін оны қайта сатқысы келген. ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Велосипед тәркіленді. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы “келу міндеттемесі” таңдалды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру