Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында “азаматтық алып беремін” деп алдаған алаяқ ұсталды

Алматы облысында “азаматтық алып беремін” деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін ашты.

Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне 2020 жылдың маусым-тамыз айларының аралығында өзінің танысына Қазақстан Республикасының азаматтығын жасатып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 200 мың теңгесін иемденгені туралы арызданған

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толығымен мойындады. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру