Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері үй жануарларының ұрлығын ашты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері үй жануарларының ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі қызметкерлері үй құстары мен жануарларының бірнеше ұрлығын ашты. Тексеру барысында үш жергілікті тұрғынның бұрын жасалған ұрлықтарға қатыстылықтары анықталды. Сол кезде үйрек пен бройлер балапандары жоғалған. Сондай-ақ, өткен жылы елді мекендердің тұрғындарының бірінің шаруашылығынан 20 үй қояны қолды болған. Шығын сомасы 80 мың теңгені құрады. Полицейлер үштіктен олжаларын сатып алып отырған ауылдықтарды анықтады. Олар, өз кезектерінде, ұрланғанын білмей сатып алған.

– Аталған ұрлықтарды жасады деген күдікпен ауданның 27, 29 жастағы екі азаматшасы және біреуімен бірге тұратын 31 жастағы азамат ұсталды. Үшеуі де бұрын мүліктік қылмыс жасағандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар, алкогольдік ішімдікті асыра пайдалануға бейім олар, олжа ақшаларын ішімдікке жұмсап отырған. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-б. (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліуде. Ауылдықтарға өз мүліктерінің сақтылығы үшін шаралар қабылдауға кеңес береміз, – дейді аудандық ПБ бастығы Марат Әлжанов. – Берік құлыптар, күзет иттері – қаскөйлердің арам ойларын іске асыруларына кедергі болады. Ауданда жыл басынан үйден және қоралардан ұрлаудың тоғыз фактісі тіркелді. Бүгінгі күні оның сегізі ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру