Алматы облысында биыл діни заңнаманы бұзудың екі фактісі тіркелді
Алматы облысында биыл діни заңнаманы бұзудың екі фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни қатынастар саласында жедел-іздестіру және алдын алу іс-шара тұрақты негізде жүргізеді.
– Осы жылы өңірде “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заңнаманы бұзудың екі фактісі тіркелді, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік жазалар қолданылды. Мысал ретінде намазханның заңсыз жұмыс істеуі, сондай-ақ діни рәсімдер мен кәмелетке толмағандардың діни сауаттылығына тиісті тіркеусіз оқыту жағдайларын келтіруге болады, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ЭҚІҚБ бастығы Ұлан Байтақов.
Сот екі жергілікті тұрғынды Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, бұзушылардың әрқайсысына 129 мың теңге көлемінде айыппұл салды.
– Мұндай құқық бұзушылықтар қоғам үшін қауіпті, өйткені олар заңнаманы бұзады және ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін. Біздің міндетіміз – осындай жағдайлардың алдын алу және болдырмау, сол арқылы барлық азаматтардың заңды сақтауын қамтамасыз ету, – деп толықтырды Ұ. Байтақов.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы азаматтарды зейінді болуға және діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзуға байланысты кез келген күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болады.