Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтыруға тырысқан ер азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №14 мекеменің қызметкерлері алкогольды ішімдіктерді колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан скотчпен оралған 7 дана түйіншек анықталды. Ішінен көлемі 0,5 литрлік 7 дана спирт иісі бар сұйықтыққа толы бөтелкелер тәркіленді.

– Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру