Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында колонияға психотроптық затты курьер арқылы жеткізбек болған

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемеге әйел адам психотроптық заттарды дәрі-дәрмек ішіне жасырып, такси арқылы жіберіп өткізбекші болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№12 мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру кезінде тыйым салынған заттарды өткізу фактісінің алдын алды. Дәрі-дәрмек ішінен пакетке оралған, бес ерекше иісі бар ұнтақ салынған түйіншек тәркіленді. Алдын ала болжам бойынша тәркіленген ұнтақ психотроптық затқа ұқсас.

Күдіктінің айтуынша, яндекс қосымшасы арқылы әйел адамнан жеткізуге ұсыныс алған, дәрі-дәрмек ішінде психотроптық заттардың барын білмеген. Алайда бұл жағдай оны жауапкершіліктен босатпайды.

– Анықталған факт бойынша полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылып, тәркіленген ұнтақтарға арнайы сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта беріп жіберген әйелдің де тұлғасы анықталды, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Серікбол Бахтияров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру