Алматы облысында полицейлер алаяқтардың құрбандарына 9 млн теңге шығынын қайтаруға көмектесті
Алматы облысында полицейлер алаяқтардың құрбандарына 9 млн теңге шығынын қайтаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері интернет-алаяқтардың құрбандарына 9 миллионға жуық шығынын қайтаруға көмектесті.
–Тәртіп сақшылары басынан бастап интернет-алаяқтыққа қатысы бар 81 адамды әшкереледі. Олардың ішінде 12 дропер және 2 ұйымдастырушы бар. “Киберпол” бөлінісінің қызметкерлері 179 күдікті сайтты бұғаттады. Тек Жамбыл ауданының полицейлері мемлекет бойынша 45 адамды алдай алған алаяқты анықтады, – деп атап өтті облыстық криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.
Айта кету керек, аймақ полицейлері халық арасында алаяқтықтың алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Тек жыл басынан бері 37 науқан өткізілді, онда 15 мыңнан астам брошюралар мен парақшалар таратылды. 14 билборд орнатылды, сондай-ақ 13 жарықдиодты экрандарда профилактикалық сипаттағы роликтер үнемі көрсетіліп тұрады.
–Интернет-алаяқтықтың басымды бөлігі онлайн-дүкендердегі алдау болып табылады. Азаматтарды, әсіресе онлайн-сатып алулар жасау және интернет-қызметтерді пайдалану кезінде қырағы болуға шақырамыз. Тек тексерілген сайттар мен қосымшалармен пайдаланыңыз, сондай-ақ интернет-алаяқтардың шабуылдарынан қорғау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отырыңыз, – деп толықтырды Н. Кеңесханұлы.