Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер белсенді жастармен бірігіп есірткі жарнамалайтын граффити жазуларды жойды

Алматы облысында полицейлер белсенді жастармен бірігіп есірткіні жарнамалайтын граффити-суреттерді жоқ мақсатында акция ұйымдастырды , – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Amanat” партиясының белсенділерінің қатысуымен полиция қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп облыс орталығының аумағында граффити бояу бойынша акция ұйымдастырды.

– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі құралдарының заңсыз айналымына, құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуге байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ есірткі жарнамасымен жазуларды бояу, есірткі құралдарын сатып алу тәсілін жарнамалайтын сайттарды анықтау және блоктау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Ардақ Қайсаров.

Осы мақсатта құқық қорғау органдары жастар орталығының жастары мен еріктілерінің қатысуымен үнемі акция өткізеді. Іс-шара аясында полицейлер еріктілермен бірлесіп орталық көшелер мен облыс орталығы ғимараттарының қабырғаларына синтетикалық есірткі жарнамасының граффити-жазуларын бояды. Нәтижесінде 30-дан астам жазулар жойылды.

– Есірткіні жарнамалайтын интернет-сайттар анықталған жағдайда, олар да блокталып, сайт құруға қатысқан адамдар ұсталып, жауапқа тартылатынын атап өткен жөн, – деп толықтырды А.Қайсаров.

Өңір полицейлері азаматтарға синтетикалық есірткі жарнамасын жасау, оларды сату туралы жазулар қалдыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер кімде-кім есірткі заттарын тарату және дайындау фактілері туралы ақпаратқа ие болса, полицияға 8 708 691 06 62 немесе “102” телефондары бойынша дереу хабарлауды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру