Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Алматы облысында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ-нің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №166 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ-нің 2022 жылға арналған операциялық жоспарының 115-тармағын орындау үшін, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша полиция бөліністерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 14-24 наурыз арлығында Алматы облысы аумағында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

«Пробация» ЖПІШ өткізу барысында Сарқан аудандық ПБ мен пробация қызметі бөлімшесімен атқаратын жұмыс жоспарына сәйкес пробация қызметінде есепте тұрған 64 сотталған адамдарды жоспар бойынша тұрғылықты мекенжайын Сарқан АПБ ЖПҚ УПИ бірлесіп тексерді. 

Сонымен қатар, ҚР ІІМ Web-интерфейс, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисі, Беркут-клиент АҚ ҚР ҰҚК ақпараттық базалардың мәліметімен есепте тұрғандардың тарапынан жасалатын әкімшілікпен қылмыстық құқық бұзушылықтар және шекара арқылы шетелге шығу фактілерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жасалды.

«Пробация» ЖПІШ өткізу барысында Сарқан ауданы бойынша пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұратын қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеуші екі сотталғанның қоғамнан оқшауланбай жаза өтеу тәртібін бұзған фактісі анықталды.

Сондай-ақ, сотпен іздеу жарияланған бір қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеуші сотталған ұсталды. Оған қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыныс Сарқан аудандық сотына жолданды.

– Пробация жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты – пробация қызметінде есепте тұратын қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындалған сотталғандардың жаза өтеу тәртібін бұзбауын және қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын алу. Сонымен қатар, пробациялық бақылаудан жалтарған, іздеу жарияланған сотталғандарды анықтау, – деп атап өтті ПҚББ бастығы Рашид Ержігітов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру