“Құқықтық тәртіп”: Ақтөбе облысында екі күнде 86 қылмыс тіркелді
Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы кезінде екі күнде 86 қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 14-20 наурыз аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде 86 қылмыс тіркелді, оның ішінде: 44 қылмыс “ізін суытпай” ашылды. Іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды. Үш атыс қаруы (2 тегіс ұңғылы қару) және оқ-дәрілерді табу мен алудың бір фактісі тәркіленді. ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 250-ден астам, ұсақ бұзақылықтың 210 дерегі, басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруының сегіз дерегі анықталды.
Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды “ізін суытпай” ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтарының саны артып, жұмысы күшейтілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.