Алматылық полицейлер қоғамдық көлікте жүрген қалта ұрысын ұстады
Алматылық полицейлер қоғамдық көлікте жүрген қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алатау аудандық Полиция басқармасы хабарлағандай, күдікті қалалық қоғамдық көліктерде ұрлық жасап жүрген. Ол көбінесе әйелдер мен мектеп оқушыларының қалтасын қаққан.
– Мысалы, жақында қаскүнем өзінің әшкереленуінен бірнеше сағат бұрын жолаушының телефонын ұрлап, оны бірден қаладағы базарлардың бірінде сатып жіберген. Мобильді құрылғы табылды және шынайы иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Ұсталған адам осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Оның үстіне қылмыскер бұрын да осындай қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған, – деді Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.