Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында шаруа қожалығынан қой ұрлаған қойшы ұсталды

Алматы облысының полицейлері шаруа қожалығына шабуыл жасалды деп хабарлап, қойларды өзі ұрлаған малшыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазанда Кербұлақ АПБ кезекші бөліміне Жоламан ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының бірінің  басшысы 66 бас ұсақ малын белгісіз тұлғалардың ұрлап әкеткені туралы арызданған.

Келтірілген шығын 3 млн. теңгеден астам соманы құраған.

Аталған дерек ҚР ҚК 188-1-бабының 2-бөлігі  (Мал ұрлау)  бойынша тіркелді.

– Қойшының айтуынша, шабуыл таңғы сағат 04.00 шамасында болған, бірнеше белгісіз ер адам шаруа қожалығының аумағына кіріп, қойларды көлікке тиеп кеткен. Алайда жауап алу барысында малшы өз сөздерінен шатаса бастаған, бұл тергеушілердің күмәнін тудырған. Тергеушілер оның айтқан әрбір сөзін  салыстырып,  болған оқиғаның нақты мән-жайын анықтады. Нәтижесінде әшкереленген малшы өзінің қылмыстық әрекеттерін толық мойындап, шаруа қожалығының 66 қойын бөгде адамға өзінің малы ретінде екі партияға бөліп сатып жібергенін жеткізді. 20  қазанда қалған малды алып кеткен сәттен 2,5 сағат өткеннен кейін, ол шаруа қожалығының басшысына белгісіз адамдардың қожалыққа шабуыл жасағаны туралы хабарлаған,- деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.

Бұл қылмыс бір күн ішінде ашылды. Ұрланған малдың барлығын иесіне қайтару мүмкін болмады, өйткені ұрланған малдың бір бөлігі етке сатылған.

Ұрлықтың ашылғаны туралы естіген шаруа қожалығының басшысы  тірі қалған қойларды қайтару кезінде полицейлерге кәсіби шеберлігі  үшін алғыс білдірді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру