Алматы облысында сотталған әйелдер мерекені ерекше атап өтті
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 мекемесінде сотталған әйелдер Бірлік мерекесін атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының әйелдер колониясында сотталған әйелдер арасында 1 мамыр мерекесіне арналған мерекелік концерт өтті.
Жазасын өтеушілер ән айтып, би билеп, шағын көріністер ойнады. Әр ұлттың киімдерін сотталғандар өздері дайындаған.
Іс-шара соңында сотталғандар мекеме әкімшілігін мерекемен құттықтап, осындай іс-шараны ұйымдастыруда басшылыққа алғыстарын білдірді.
- Бүгінгі таңда мекемеде 10-ға жуық ұлт өкілдері жазасын өтеп жатыр. Мұндай шаралар оларды біріктіреді. Жалпы, жазасын өтеп жатқан әйелдер назардан тыс қалмайды, - деп атап өтті Алматы облысы ҚАЖД бастығы Серік Әбдікәрімов.