Алматы облысында сотталған әйелдерді «Жартас-Қазақстан» қоғамдық қоры мерекемен құттықтады
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдерді қоғамдық қор мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында «Жартас – Қазақстан» қоғамдық қоры Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер колониясына барды. Қор өкілдері сотталған әйелдерді мерекемен құттықтап, оларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.
Сыйлық ретінде қажетті жылы заттар мен косметикалық жиынтығы бар пакет алған әйелдер өте қуанышты болды.
– Сотталған әйелдерге, әсіресе әлеуметтік осал жандарға сыйлықтар беру біз үшін әрқашан әсерлі. Көптеген әйелдер тіпті жылады, – деді «Жартас-Қазақстан» қорының өкілі.
Мекеме басшылығы мен сотталған әйелдер өз алғыстарын білдірді.
– «Жартас-Қазақстан» қоғамдық қоры сотталған әйелдерге мереке қарсаңында жақсы көңіл-күй сыйлап, оларға сыйлықтар мен үлкен жүректерінің бір бөлігін сыйға тартты. Бұл қордың сыйлықтармен біздің мекемеге алғашқы сапары емес, – деп атап өтті мекеме бастығы Мадияр Қоңқанов.