Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында сотталған әйелдерді “Жартас-Қазақстан” қоғамдық қоры мерекемен құттықтады

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдерді қоғамдық қор мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында “Жартас – Қазақстан” қоғамдық қоры Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан ЛА-155/4 әйелдер колониясына барды. Қор өкілдері сотталған әйелдерді мерекемен құттықтап, оларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Сыйлық ретінде қажетті жылы заттар мен косметикалық жиынтығы бар пакет алған әйелдер өте қуанышты болды.

– Сотталған әйелдерге, әсіресе әлеуметтік осал жандарға сыйлықтар беру біз үшін әрқашан әсерлі. Көптеген әйелдер тіпті жылады, – деді “Жартас-Қазақстан” қорының өкілі.

Мекеме басшылығы мен сотталған әйелдер өз алғыстарын білдірді.

– “Жартас-Қазақстан” қоғамдық қоры сотталған әйелдерге мереке қарсаңында жақсы көңіл-күй сыйлап, оларға сыйлықтар мен үлкен жүректерінің бір бөлігін сыйға тартты. Бұл қордың сыйлықтармен біздің мекемеге алғашқы сапары емес, – деп атап өтті мекеме бастығы Мадияр Қоңқанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру