Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында үйлену тойының кортеж көліктері айыппұл тұрағына қойылды

Кортеж жүргізушілеріне арналған кезекті той соңы хаттамалар мен айып тұрағына ұласты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйекте Қарасай АПБ полицейлері Жандосов к-сінің бойымен келе жатқан үйлену той кортежіндегі «ВМW», «Mercedes», «Ваз-2107», «Ваз-21014» маркалы автокөліктерінің төрт жүргізушісінен он әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Сонымен қатар, олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 590-б. 5 б., 590-б. 2 б., 603-б.2 б., 612-б, 1 және 6-бөліктері бойынша тиісті хаттама толтырылды: (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу), (Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз жазу), (Көлік құралын құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның басқаруы).

Барлық төрт көлік те айыптұрағына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру