Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында заңсыз балық аулаған браконьер қылмыстық жауапқа тартылды

Алматы облысында заңсыз балық аулаған браконьер қылмыстық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 6 мамырында тәртіп сақшылары үрленбелі резеңке қайықпен балық ресурстарын жаппай жою мақсатында Панфилов ауданы Іле өзенінде балықтардың уылдырық шашу кезеңіне қарамастан заңсыз балық аулаған 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Заң бұзушы электр тогын пайдаланып, жалпы салмағы 25,675 кг болатын әртүрлі балықтарды (сазан, ақ амур, көксерке, табан) заңсыз аулаған.

– Аталған дерек ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Уылдырық шашу мерзімінде заңсыз балық аулау) бойынша тіркелді. Айғақ зат ретінде жергілікті тұрғыннан 25,675 кг балық, үрленбелі резеңке қайық, аккумулятор, тоқ күшейткіш аппараты алынды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 144 235 теңгені құрап отыр. Заңсыз балық аулаған 26-жастағы азамат Панфилов аудандық сотымен кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге балық аулау қызметімен айналысу құқығынан айыру және үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – дейді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығының м.а. Болат Азнабакиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру