Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автобус” ЖААІШ: Алматыда 4 күнде 200 заң бұзушылық анықталды

Алматыда “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасының төрт күнінде 200 заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазаннан бастап патрульдік экипаждар мен түрлі қызметтің полиция қызметкерлері жолаушылар көліктерін тексеріп жатыр.

– Өкінішке орай, іс-шара күндері көрсеткіштер төмендемей тұр. Полиция қызметкерлері күн сайын әр түрлі дәрежедегі бұзушылықтарды анықтауда. Естеріңізге сала кетейін, бұл шара бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуын анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ автобустардың техникалық жағдайын тексеруге бағытталған. Жүргізушілердің көліктік тәртібін жақсарту, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігінің фактілерін анықтау және заңсыз жолаушылар тасымалын тоқтату, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Төрт күн ішінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны артты: барлығы 200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 91 жүргізуші ҚР ӘҚбК-нің 595 бабы (Маневр жасау ережелерін бұзу), 41-і көлік жүргізу кезінде телефон қолданған, ҚР ӘҚбК-нің 591 бабына сәйкес ережелерді бұзды. Рұқсат етілмеген жеті қоғамдық көлік пен такси аялдамасы жойылды. 11 қоғамдық көліктің МТНБ алынып тасталды.

Еске салайық, іс-шара 2021 жылдың 13 қазанында аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру