Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының бас полицейі жол қозғалысы қатысушыларын қырағылық танытуға шақырады

Алматы облысының бас полицейі жол қозғалысы қатысушыларын қырағылық танытуға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін, “Халыққа жақын полиция” қағидатын іске асыру мақсатында өткізілген азаматтарды кезекті онлайн қабылдау кезінде Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Мырзақұлұлы Кудебаев облыстағы жол-көлік оқиғасының жағдайы туралы қысқаша баяндама жасады.

– Ағымдағы жылдың 10 айының қортындысы бойынша облысымызда 1 876 жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жеті пайызға өскен. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан 362 адам қайтыс болып, 2690 азамат түрлі дене жарақаттарын алған. Тіркелген жол-көлік оқиғаларының негізгі бөлігі жолдың қарсы бетіне шығуы салдарынан болатын көліктердің бір-бірімен соқтығысуы, жаяу жүргіншіні қағып кету және жүргізушілердің белгіленген жылдамдықты арттыруы деректеріне тиесілі. Сондай-ақ, жыл басынан бері аса ауыр жол-көлік оқиғасын жасаған 88 азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Серік Кудебаев.

Аталған жол-көлік жарақатының проблемасын шешуде Алматы облысы Полиция департаментінің барлық мүдделі қызметтердің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түрлі профилактикалық және түсіндіру бағытындағы шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде облыстың автомобиль жолдарына тексеру жүргізуде.

– Көкейкесті мәселелердің біріне айналған жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысының барлық қатысушыларын осы мәселеге жауапкершілікпен қарауға, жол ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға және қырағылық танытуға шақырамын. Өйткені, Сіздің көмегіңізбен ғана біз адам өмірі мен азаматтарымыздың денсаулығын сақтай аламыз, – деп толықтырды полиция генерал-майоры Кудебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру