Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері адам саудасына қарсы акция өткізді

Алматы облысының полицейлері адам саудасына қарсы акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдары адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық ұйымдастыру деректерінің алдын алу және анықтау мақсатында республика аумағында “STOP трафик”операциясының кезекті кезеңін жүргізуде.

– Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыстың криминалдық полиция қызметкерлері “Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы” үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп Панфилов ауданының “Қорғас” экономикалық аймағының өткізу пунктінде адам саудасына қарсы күрес бойынша сенім телефонының логотипі бар медициналық маскаларды, сондай-ақ брошюралар мен буклеттерді тарату бойынша акция өткізді, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығы Асхат Данияр.

Полицейлер жыл басынан бері Алматы облысының аумағында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондар ұйымдастырудың немесе ұстаудың 10 дерегі тіркелгенін атап өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты адам саудасымен байланысты қылмыстардың жолын кесу және алдын алу болып табылады. Заңғы қайшы әрекеттерге тап болған немесе қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат білген жағдайларда сенім телефонына “116 16” хабарласу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру