Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жоғалған бес жасар баланы тапты

Тәртіп сақшылары жоғалған баланы қауіпті жағдайда, ауыл шетіндегі күре жолдардың бірінен  тапты. Бала аман-есен, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысы Кеген ауданының патрульдік полиция қызметкерлері кәмілетке толмаған баланың із-түссіз жоғалғаны туралы хабарды алған сәтте-ақ шұғыл іздеу жұмыстарына кіріскен.

Көп ұзамай жақын маңды шолу барысында бес жасар жоғалған баланы тапқан.

– “102” арнасына хабар берілген соң полицей Бармен Айдаров мен Мадияр Әркімбаев іздеу жұмыстарын бастаған. Жарты сағаттан соң ауыл шетіндегі басты көшелердің бойында ойнап жүрген баланы тауып, аман-есен ата-анасына табыстаған. Осы тұста, ойын баласын тез арада тауып, үйіне қайтармағанда қайғылы оқиғаға әкеп соғуы да мүмкін еді,- деді Кеген АПБ басшысы Ерлік Үркінбаев.


Облыстық полицейлер жыл басынан бері Алматы облысы аумағында кәмілетке толмаған 53 жасөспірімнің із-түссіз жоғалғанын және олардың барлығы табылып, туғандарына табысталғанын атап өтті. Талдау барысында көп жағдайда балалар мақсатсыз жоғалған. Туыстарымен жанжалдың салдарынан әдейі үйден кету орташа көрсеткішті құрайды. Кейбір жағдайда баланың үйден қашуы криминалға байланысты болған. Дегенмен, отбасылық жағдайға, баланың үйден кетуінің себептеріне қарамастан, полицейлер аталған мәселеге өте мұқият қарайды және шұғыл шешім қабылдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру