Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Паркингте 4 немересімен қалып қойған әжеге полицейлер көмек көрсетті

Алматы полициясы мүгедек қызы мен төрт кішкентай немересімен бірге паркингте тұрған әжеге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы қысты мүгедек қызы мен төрт немересімен бірге өткізетін зейнеткерге көмек көрсетті.Ең кенжесі тоғыз айлық, ол өзі жұмыс істеп жүрген сауда орталығының жер асты автотұрағында тұрып жүрген.

– Теледидардан әже мен балаларды көріп, жүрегім ауырып кетті. Жеке өзім көргенімді көңілімнен ұзақ уақытқа шығара алмадым. Бұл оқиға әріптестерімді де бей-жай қалдырмады. Біз бірауыздан зейнеткерге көмектесуге шешім қабылдадық. Оны іздеп таптық. Жергілікті атқарушы органдар әйелге баспана алуға көмектескені белгілі болды. Жеке құраммен бірге жинаған қаражатымызды Дариға апайдың қолына тапсырдық. Немерелеріне тәттілерді, ал өсіп келе жатқан балаға ходунок әкелдік, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.


Зейнеткер Дариға Қасымова тәртіп сақшыларына көңіл бөлгені, материалдық көмек көрсеткені үшін алғысын білдіріп, оларға денсаулық, сондай-ақ қаладағы қылмыс және тәртіппен күресте күш-қуат тіледі.

 – Біз әлі де бұл отбасына келіп тұратын боламыз және мүмкіндігімізше оларға көмектесеміз, – деді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру