Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігі батпақта қалған отбасыға құтқарушылар көмекке келді

Құтқарушылар жолда тұрып қалған “Daewoo Nexia” автокөлігіндегі бір отбасының жеті адамына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы жолдың жоқтығы салдарынан көліктері батып, жолда қалған. Көлік салонында бес кәмелетке толмаған баланың болғаны қиынға соқты.

Оқиға өткен дүйсенбі 18 мамыр күні Қостанай облысы Жангелді ауданындағы “Торғай-Ақкөл” автожолында болған. Ақмола облысының тұрғындары Ақкөл ауылынан үйлеріне оралмақ болған. Кешке жаңбыр жауғаннан кейін жолға шыққан.

Жолдың асфальт болмауына байланысты жаңбырдан кейін жер батпаққа айналған. Ылғал жер автокөліктің жүруін қиындатты. Қабырға өзені арқылы көпірге келе жатып, көлік су толған шағын шұңқырға түсіп, балшыққа батып қалған. Көлікті жолаушылар өз бетінше шығара алмады

Құтқарушылар шақырылып, екі сағаттан кейін, шамамен сағат 23.00-де Жангелдин ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері “Нива” автокөлігімен жолда қалған жолаушыларды тапты. Олар дыбыс және жарық сигналдары арқылы хабар берді.

Құтқарушылар балаларды эвакуациялады. Автокөлікті батпақтан шығарып, жолдың қауіпсіз учаскесіне дейін сүйреп апарды.

07.36-да құтқарушыларға еріп, отбасы жақын елді мекенге, Торғай ауылына жетті. Құтқарылған отбасы мүшелері медициналық көмекке мұқтаж емес.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру