Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы екі күн ішінде 4 көлік ұрлығын анықтады

Алматы облысының полициясы екі күн ішінде 4 көлік ұрлығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Автокөлік” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері екі күн ішінде төрт автокөлік ұрлығын ашты.

– Кеше бағдар бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Hyundai көлігі тоқтатылды. Тізгінде 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірім болды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Тергеу әрекеттері және ұсталған адамның басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ППБ командирі Дархан Байшоинов.

Сонымен қатар аймақ аумағында автокөлік ұрлығы мен ұрлықтың алдын алу тақырыбында халықпен 20-дан астам жиын өткізілді. Кездесу барысында полицейлер тұрғындарға автокөлікпен байланысты қылмысты болдырмауға көмектесетін сақтық шараларын түсіндірді. Ұсынылған шаралардың қатарына қауіпсіздік жүйелерін пайдалану, жарықтандырылған жерлерде тұраққа қою және көлік құралдарының есіктері мен терезелерін жабуға мұқият қарау туралы айтылды.

Сондай-ақ полицейлер автокөлік иелерімен профилактикалық әңгімелер өткізіп, күзет жүйелерін уақытылы орнату және негізгі қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне назар аударды.

“Автокөлік” іс-шарасы құқық қорғау органдарының автокөлікпен байланысты қылмыстардың алдын алу жөніндегі кешенді бағдарламасының бөлігі саналады және азаматтардың полицияға деген сенімі мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Полиция қылмыспен күресу әдістерін жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарға өз мүлкін қорғау үшін сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын еске

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру