Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полициясы үздік қызметкерлерді марапаттады

Алматы облысының полициясы жедел қызметтердің үздік қызметкерлерін марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полиция департаментінде тоғыз айдағы жұмыс қорытындысы бойынша жедел қызметтердің үздік қызметкерлерін марапаттады.

Салтанатты шараның құрметті қонағы ретінде 2005-2009 жылдары Алматы облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған полиция генерал-майоры Асқар Оспанов шақырылды.

– Қылмыстық іздестіру қызметі ұзақ және қиын жолдан өтті. Қалыптасуы мен дамуы барысында оған қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауда шешуші рөл берілді, – деп өз сөзінде атап өтті А. Оспанов.

Грамоталармен және алғыс хаттармен жалпы 40 қызметкер және ішкі істер органдарының 12 ардагері марапатталды.

– Жедел уәкілдердің жұмыс күндері үнемі тәуекел мен адалдықпен байланысты. Олар әрдайым қылмысқа қарсы күрестің алдыңғы қатарында, ең қиын жағдайларда үнемі шыдамдылық пен байсалдылық танытады, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Тленчин.

Департамент басшылығы қызметте ерекшеленген жас қызметкерлердің ата-аналарын да атап өтті.

– Қызмет ардагерлеріне мамандыққа берілгендігі және жас мамандарды тәрбиелеуге көмектескені үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Зейнетке шыққаннан кейін де сіздер жас полицейлермен тәлімгерлік жұмысты жалғастыра бересіздер, бай білімдеріңізбен бөлісесіздер және бөліністердің үздік дәстүрлерін сақтай аласыздар, – деп толықтырды Арман Тленчин. 

Сонымен қатар аудандық бөліністер және барлық жедел қызметтерден 60 офицер қатысқан жыл сайын өтетін «Үздік жедел уәкіл» байқауының жеңімпазы Арман Ибрагимов марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру