Алматы полицейлері алаяқтықтың бетін ашты
Алматы полицейлері алаяқтықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаһардың кем дегенде 20 тұрғыны туристік демалыссыз қалды: олар турларының ақысын алдын ала төлеп, бірақ тур болмаған. Алданған азаматтар полицияға жүгінді.
Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері туристік фирманың 26 жастағы директорын ұстады. Алдаудың барлық эпизодтары бір іске біріктірілген.
Бірнеше рет алаяқтық жасағаны бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Полицейлер күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді Алмалы аудандық ПБ-ға жүгінуге немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-707-306-06-04; 8-702-066-50-73; 254-46-12.