Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері алкоголь мен кальянның сатылуын тексерді

Алматы полицейлері алкоголь мен кальянның сатылуын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері қаланың орталық бөлігінде іс-шара жүргізді.

– Біз кальянды пайдаланған барларды, кафелерді, клубтарды, сондай-ақ 21:00-ден кейін алкоголь өнімдері сатылатын азық-түлік дүкендерін тексердік. Нәтижесінде 17 адам ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар түнгі уақытта алкогольдік ішімдіктерді сатқаны үшін екі шағын дүкеннің әкімшілігіне айыппұл салынды. Рейдтік іс-шаралардың жоспарын жасау кезінде қала тұрғындарының дабылдарын ескеріп, аталған аудандарда қандай да бір құқық бұзушылықтың жасалуын сараптадық. Жергілікті іс-шаралар тұрақты түрде, әсіресе, демалыс және мереке күндері жүргізілетін болады, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру