Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері эпилепсия талмасына ұшыраған ер адамды құтқарып қалды

Алматы полицейлері эпилепсия талмасына ұшыраған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматыда полицейлер рөлде өзін нашар сезінген жүргізушіні құтқарып қалды.

– Біздің бөлімше қызметкерлері эпилепсия талмасы ұстап қалған 55 жастағы жүргізушіге көмек көрсетті. Жолдағы оқиға 16 қарашада орын алған. Біздің полиция қызметкерлері Еркебұлан Исаханов пен Ерболат Булат, Шыңғыс Қасым және Әбілқайыр Ержан Шемякин көшесімен келе жатты. Дәл осы уақытта Toyota көлігі қатар келе жатты. Жол бойында көлік қисалаңдап, бағанаға соғылды. Олар ер адамның көліктен шығуына көмектесіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызып, жедел жәрдем шақырды. Қазіргі уақытта ер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, – деді Алматы қалалық ПД Айдауылдау қызметі батальонының командирі, Алмаз Қахаров.

Ал құтқарылған ер адам полицияға жедел әрекет етіп, дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру