Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері есірткіні насихаттайтын жазбаларды өшіруде

Алматы қаласының полицейлері еріктілермен бірге ғимараттардың қабырғаларына салынған есірткі туралы жарнамаларды жоюда, – дп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Медеу аудандық Полиция басқармасының жеке құрамымен, сондай-ақ еріктілермен бірге есірткі сататын орындар туралы граффити-жазбаларды анықтауға және жоюға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

– Құрамында есірткі туралы ақпарат бар жазуларды жою үшін 34 полиция қызметкері мен 30 ерікті тартылды. Іс-шараға қатысушылар заңмен тыйым салынған жарнама жиі кездесетін үйлер мен басқа да қала нысандарының қасбеттеріне ерекше назар аударды. Осы рейдтің нәтижесінде Медеу ауданының аймағынан 60 граффити жазу табылып, жойылды. Сонымен қатар, қала тұрғындарына “ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ” деген логотипі бар 500 көп реттік бетперде таратылды. Сондай-ақ, науқан аясында Ш.Уәлиханов атындағы №12 гимназияның жоғарғы сыныптарының оқушыларына есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудың зияны туралы профилактикалық әңгіме өткізілді, – деді Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Кинологиялық орталығының базасында “Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың және олардың аналогтарының синтетикалық түрлері, сондай-ақ есірткі зертханаларын анықтау және жою” тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілгендігін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру