Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ІІО ардагерімен кездесті

ІІО ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Руслан Насырбаев жас із кесушілерге 90-жылдардың аяғындағы атышулы қылмыстар, соның ішінде адам жегіштердің ұсталуы туралы қызықты оқиғаларды айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сонымен қатар, қызды зорлаған қылмыскерді ұстау үшін 13-қабаттан секірген полиция подполковнигі Бақытжан Бәкіров жас тәртіп сақшыларының алдында сөз сөйледі.

– Бұл – жақсы дәстүрге айналған жыл сайынғы шара. Ол үнемі ІІО ардагерлерінің қатысуымен өтеді. Бұл жолы адамдарды құтқаруда, ауыр қылмыстардың жолын кесуде және ашуда ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін құрметтеуді де орайластырдық. Мақсаты – жас тәртіп сақшыларын патриоттық және Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, сонымен қатар ішкі істер органдарының имиджін көтеру. Өскелең ұрпақ ержүрек әріптестерімізден үлгі алуы керек. Бұл полиция қызметкерлері өмірі мен денсаулығына қарамастан, еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы жолында Отанға аянбай қызмет етуде. Оларда заманауи полиция қызметкерінің бойында болуы тиіс қасиеттер бар: кәсіпқойлық, жауаптылық, әділдік, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру