Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері пәтер ұрыларын ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізді

Алматы полицейлері пәтер ұрыларын ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қылмыстық квартетті» жедел қызметкерлер кезекті ұрлық жасағаннан кейін бірден ұстады. Олжамен кетіп бара жатқан ұрыларды арнайы бөлімнің қызметкерлері залалсыздандырды.

– Бұл топтың құрамына Алматы мен Түркістан облыстарының 32 жастан 36 жас аралығындағы төрт ер адам кіреді. Ұстауға бірнеше минут қалғанда қаскөйлер кілтті таңдау арқылы Ақбұлақ ықшам ауданында орналасқан үйлердің біріне кіріп, сол жерден бөтеннің жалпы құны 500 мың теңгеден асатын мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды, тауарды және ақшаны тергеу-жедел тобы тәркіледі және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген қылмыстық іс материалдарына тіркеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Баяндамашы тергеудің осы кезеңінде ұсталғандардың қаланың Алмалы және Бостандық аудандарының аумағында осыған ұқсас тағы үш ұрлыққа қатыстылығы дәлелденгенін атап өтті. Криминалдық полицияның мәліметінше, әшкереленген «ұрылар» негізінен шаһардың орталық бөлігінде жүрген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру