Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады

Алматы полициясы ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүние жүзінде 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде атап өтіледі. Алматы полиция Департаменті басшылығының атынан полиция бөлімшелерінің жеке құрамы ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады.

– Алматы қаласында жеті мыңға жуық ішкі істер органдарының ардагерлері тұрады, оның ішінде алты Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тоғыз Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендер, 11 Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлері, 76 Еңбек майданының қатысушылары, 75 жастан асқан 388 ардагерлер, Ауғанстандағы 37 соғыс қатысушылары, 79 мүгедек. Олардың әрқайсысы жас кезінде қазақстандық полицияның қалыптасуы мен дамуына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге орасан зор үлес қосты. Көбісі елдегі бейбітшілік пен тыныштық үшін өмірінің ең жақсы жылдарын берді. Соғыстан кейінгі қиын жылдар өтті. Бүгінгі жас ұрпақ үшін олар ар-ұжданның, адалдықтың, әділеттіліктің және Отан игілігі үшін аянбай қызмет етудің үлгісі болып табылады. Көптеген зейнеткерлер тәлімгерлер кеңесінің және бөлімшелердің аттестаттау комиссияларының жұмысына белсенді қатысады. Осы мерекеде Полиция департаментінің басшылығы барлық ардагерлерге ішкі істер органдарының қызметкерлерін сауатты және кәсіби тәрбиелеуге көмектескендері үшін алғыс білдіреді. Олар өздерінің біліміне, даналығына және үлкен өмірлік тәжірибесіне құштар. Оларға бас иеміз, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасарыАбдуали Нашарбеков.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру