Алматы полициясы бейнекамераға түсіп қалған алаяқтарды іздеп жатыр
Алматы полициясы бейнекамераға түсіп қалған алаяқтарды іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі ер адам ірі алаяқтық жасап, камераның объективіне түсіп қалды.
– Олар Алматы қаласының тұрғынын алдап, ақшасын иемденіп алған. Әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалған ер адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, одан депозиттік шотынан жеке шотына ақша аударуға өтініш білдірдіңіз бе деп сұрай бастады. Сонымен қатар, қаскөй әйел адамды егер кодты айтатын болса, кибершабуылдардан қорғайтын арнайы қорғанысты коятынына сендірді. Өзін алдап тұрғанынан күдіктенбеген әйел күдіктілердің талаптарын орындаған, ал, бірнеше күннен кейін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Ал банкте 5 мың доллардан астам қаражаттың шоттан шешілгенін айтты, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Полиция қызметкерлері суреттегі адамдарды таныған жағдайда мына телефондарға хабарласуыңызды сұрайды: 272-32-76; 254-48-02; 254-48-76; 8-702-976-7099.