Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады

Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында олар Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғынына тиесілі Toyota Camry 70 көлігін ұрлап кеткен.

– Біздің бөлімше мен арнайы жасақ қызметкерлері Алматыда, сондай-ақ Шығыс Қазақстанда арнайы іс-шараны жүргізді. Риддер қаласында негізгі айыпталушы – 42 жастағы Е.есімді азамат және оның сыбайластарының бірі ұсталды. Ал тағы екі күдікті Алматыда қолға түсті. Қаскөйлердің ұрланған көлікті Өскеменде жасырғандығы анықталды. Біздің мәлімет бойынша, олар қолайлы сәтті күтіп, көлікті сол жерде сатқысы келген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатыр, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Айтпақшы, қылмыстың бастамашысы бұрын мүліктік қылмыстар – ұрлық пен тонау жасағаны үшін үш рет сотты болған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру