Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді

Ағымдағы жылдың 23-қарашасынан бастап республика көлемінде “Құқық тәртібі” жедел алдын-алу іс-шарасы жүзеге асырылып, қараша айының 30-жұлдызына дейін жалғасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

– Аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция нарядтары көбейтіліп, “Құқық бұзушылыққа нөльдік төзімділік” қағидасы бойынша тәртіп сақшылары және әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейдттік жұмыстар атқарады. Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзып, ел аумағына келетін келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі. Арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды. Ал Жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстар жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады, – деп мәлімдеді Алматы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаров.

Ескерте кетсек, кең көлемде ұйымдастырылып отырған аталған іс-шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру