Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы медициналық орталықтарға ұрлыққа түскен ұрыны ұстады

Алматы полициясы медициналық орталықтарға ұрлыққа түскен ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 1973 жылы туған З. есімді азаматты ұстады.

– Ол бірнеше ұрлық жасады деп күдіктелуде. Негізінен ер адам жеке медициналық орталықтарда қылмыс жасаған, оған келушілер көбінесе заттарын дәлізде қараусыз қалдырады: ұялы телефондар, әмияндар, бір сөзбен айтқанда, сыртқы киімдердің қалтасында қалатындардың бәрі. Сотқа дейінгі тергеу барысында ұсталған адамның бірнеше осындай ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Эпизодтардың бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Күдіктінің жеке басын тексеру жалғасуда, – деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдікті өзінің ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру